
Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіретін Қазақстанның қауіпсіздігіне жүйелі қатер болып табылады. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде парамен байланысты қылмыстың екі түрі қарастырылған:
пара алу (311 бап);
пара беру (312 бап).
Осы факті туралы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментіне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес облыстық департаментіне баяндалсын.
Дайындалып жатқан қылмыс туралы ауызша немесе жазбаша хабарламамен сіздің жұмыс орныңыз бойынша құқық қорғау органдарының біріне немесе олардың жоғары тұрған органдарына жүгіну қажет.
Ұлан ауданы ТЖБ-і