AgroSkills Shygys – 2022

AgroSkills Shygys – 2022

2022 жылғы 6 маусымда Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжінің құзыреттілік орталығының базасында "Ветеринария", "Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау", "Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларының «Слесарь-жөндеушісі"үш құзыреттілігі бойынша AgroSkills Shygys – 2022 облыстық чемпионаты басталды. ШҚАШК сапалы дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.        Жатақхана, асхана, байқаулық сынақтарға арналған алаңдар  барлығы - 19 конкурсант пен олардың тәлімгерлерінің, сарапшыларының келуіне дайын болды.
Облыстық байқаудың ашылу салтанатына бас сарапшылар қатысты. ШҚАШ колледж директоры Оспанов У. Т. Қонақтау сөзінде қонақтарды құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі.
Бүгін чемпионаттың бірінші күні: Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан кейін қатысушылар мен сарапшылар алаңмен, жабдықпен, жұмыс орындарымен танысты және тікелей қатысушылар алғашқы тапсырмаларды алып, оларды орындауға кірісті.
Чемпионат 3 күнге созылады. Конкурс барысында кәсіби шеберлік , практикалық дағдылар мен теориялық білім деңгейі бойынша өз кәсібінің үздігі айқындалатын болады.