Интерактивті сабақ

Интерактивті сабақ

         Жазғы демалыс алдында Ұлан ауданының 31 мектебінің 605 оқушыларын қамти отырып, ТЖ бөлімі қызметкерлері оқушыларға өз  дәрістерін онлайн режимінде өткізді.

         Қауіпсіздік туралы сабақ кезінде қызметкерлер жазғы кезеңде балаларды күтетін қауіптер, балаларға табиғатта және су айдындарында демалу кезіндегі мінез-құлық ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, шомылу кезеңінде суда апатқа ұшыраған адамның іс-әрекеттері түсіндірілді, балалардың назарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, алғашқы медициналық көмек көрсетуге және жеке құтқару құралдарын пайдалануға аударды. Сабақ соңында балалар мазмұнды әңгіме мен пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдірді.

Ұлан ауданы ТЖБ-і