
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары және (ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» қаулысы бойынша кәсіпкерлерді қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру үшін мемлекет банк кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын болады.
кредитті субсидиялау кезінде:
- сыйақы мөлшерлемесі 6 % - ға дейін төмендетілді;
- несие сомасы 7 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды;
- салалық шектеулер алынып тасталды (саудадан басқа).
Кепіл мүлкі жетіспеген жағдайда «Даму» Қоры кепілдік береді:
- ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85% дейін,
- жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 50% - ға дейін.
Шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін бірінші бағыт шеңберінде портфельдік субсидиялау және кепілдік беру көзделген, онда бір қарыз алушыға лимит 20 (жиырма) млн. теңгені құрайды және кепілдік мөлшері несие сомасының 85 % - ын құрайды.
Инвестицияға субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5жылды құрайды және айналым қаражатын толықтыру субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылды құрайды.
Осы бағдарлама бойынша толық ақпарат алу үшін сіз келесі координаттар бойынша хабарласа аласыз: «ШҚО Ұлан ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ: 8 (72338) 27-955, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Колл орталық: 1424.
Сыбайлас жемқорлық фактісіне тап болған жағдайда азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 бірыңғай Call-орталығына жүгіне алады.