
2019 жылдың 6 желтоқсан күні Қасым Қайсенов кентінде «2019 жыл – Жастар жылы» арналған тоғызқұмалақ пен дойбыдан Ұлан ауданының әкімінің жүлдессіне арналған халықтық ойындарының бағдарламасы негізінде турнир өтті.
Жарыс Аблакетка, Айыртау, Тарғын, Қасым Қайсенов ауылдық округтері командалары арасында өтті. Ұйымдастырылған спорттық іс-шаранң негізгі мақсаты бұқаралық спортта халықты көптеп тарту. 2019 жылдың соңыңда іс-шараларға қатысып жүрген ауылдық округтер бойынша мониторинг сараптамасы шығарылады.
Жарыстың салтанатты ашылуына Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Альбеков Мейіржан Қанатбекұлы, өткізіліп өткен іс-шараның өскелең ұрпақты тәрбиелеуде зор мәні бар, тоғызқұмалақ қазақтың теңдесі жоқ көнеден мұрасы екендігін атап, Елбасының Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз етеді. Ұлт саулығы – стратегиялық тұрғыдан өте маңызды мәселе.
Тоғызқұмалақтан
1 орын - Қасым Қайсенов кенті
2 орын – Аблакетка ауылдық округі
3 орын - Айыртау ауылдық округі ие болды
Дойбыдан
1 орын – Аблакетка ауылдық округі
2 орын – Тарғын ауылдық округі
3 орын - Қасым Қайсенов ауылдық округі жеңіп алды.
Жарыс жеңімпаздары тиісті дәрежедегі мадақтамалармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз.