
2019 жылдың 7 желтоқсанда Өскемен қаласының «Fresh Market» сауда алаңында Ұлан ауданың жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге ет және сүт өнімдерін Ұлан ауданының 20 шаруа қожалықтары, көкөніс өнімдерімен «Ұлан Жеміс» ЖШС, «Нұрбереке» ШҚ, бал шығаратын «Алешин» ЖК, «Рузанов», «Нектар» ШҚ қатысты. Сатылымға әкелінген ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 15,8 тонна жалпы сомасы 17,5 млн. теңгені құрады.


