Елді мекен ішіндегі жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына мониторинг.

Елді мекен ішіндегі жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына мониторинг.

«Ұлан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндетін атқарушы Көксегенов Темірлан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бақылау жүргізді.


Ағымдағы жылы "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы шеңберінде қаражат есебінен республикалық және облыстық бюджеттердің 5 жобасы іске асырылған, жалпы ұзындығы 18,3 км жолдарды жөндеуге жұмыстары жүргізілген болатын. Оның ішінде:
- Бозанбай (Мұқанов, Киров, Аманжолов) ауылының көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, жалпы ұзындығы 7,45 км
- Таврия ауылының орталық көшелерін орташа жөндеу ұзындығы 2,0 км
- Таврия ауылының Т. Тоқтаров көшелерін орташа жөндеу ұзындығы 1,745 км
- Таврия ауылының көшелерін орташа жөндеу Кооперативная және Степная, жалпы ұзындығы 2,7 км
- Айыртау ауылының Майкин, Жаңабеков Абай көшелерін орташа жөндеу, Танабаева, жалпы ұзындығы 4,4 км.

2022 жылы аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде орташа жұмыс жүргізу, Өскемен ауылы Восточное ауылында орташа жұмыс жүргізу, Алмасай ауылында орташа жұмыс жүргізу жұмыстары жоспарланды.