Кілемде тек қыздар!

Кілемде тек қыздар!

Соңғы жылдары елімізде әйелдер күресінде  оңтайлы  тенденциялар байқалады. Қазақстанның құрама команда спортшылары әлемдік спорттық аренада айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Манюрова Гузель мен Сыздықов Эльмира осыған дәлел бола алады. Біздің жерлесіміз Ирина Казюлина - Азия чемпионатының жүлдегері және әлем чемпионатының қатысушысы. Оның жеңістері - жас ұрпаққа үлгі. Тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен облыстың әр аймағында әйелдер күресі бөлімдері жұмыс атқарады. Қыз баланың көбісі бұл спорт түрін жетік  игергісі келеді.

2019 жылдың 4 желтоқсан күні Қ. Қайсенов кенті «Модуль» спорт кешенінде 2003-2004, 2005 және  2007-2008, 2009 жылдары туылған қыздар арасында   ҚР Тәуелсіздік күніне арналған және «2019 жыл - Жастар жылы» күніне арналған еркін күрестен ашық Ұлан ауданының біріншілігі өтті. Додаға Өскемен, Семей, Зайсан, Шемонаиха, Аягөз қалаларынан және Бесқарағай, Глубокий, Жарма, Көкпекті, Үрджар, Ұлан аудандарынан 12 команда қатысты. 80 спортшы медаль үшін қызықты тартысқа түсті. Жарыстың мақсаты: облысымыздың барлық аймақтарынан дарынды спортшыларды анықтау және қолдау. Соның дәлелі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Академияның жаттықтырушылары  шалғай ауыл  спортшыларының  дайындығына жоғары баға берді.
Үлкен бәсекеге  қарамастан Ұлан ауданының  спортшылары жақсы нәтиже көрсетті:

2003-2005 ж.т. қыздар арасында:

47 кг. салмақ дәрежедесінде Бақытбек Айдана,  +66 кг. с. д. Ынтымақ Шолпан  (Мамай батыр ауылы, жаттықтырушы Крыкпаев Е.Н.) -1 орын;

+66 кг. с. д. Шанвали Надежда (Каменка ауылы, жаттықтырушы Рамазанов Н.К.)-3 орын.

2007-2008 ж.т. қыздар арасында:

32 кг. с.д. Жұмабек Қарақат, 35 кг. с.д. Ынтымақ Мөлдір  (Мамай батыр ауылы, жаттықтырушы Крыкпаев Е.Н.) -2 орын;

29  кг. с.д. Эрдчукир Боголан  (Асубұлақ кенті, жаттықтырушы Ордабаев Ж.О.) - 3 орын.

Спортшыларымызға боз кілемде  жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз.