
«Ұлан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндетін атқарушы Көксегенов Темірлан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бақылау жүргізді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Таврия, Бозанбай және Айыртау жалпы көшені жарықтандыру желісін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Ұлан ауданы Бозанбай және Таврия ауылындағы көше жарығы орнатылды. Айыртау және Саратовка ауылдарында көше жарығы орнатылған, шамдарды орнату бойынша жұмыстар аяқталған.
Алдағы уақытта Қасым Қайсенов кентінде, Өскемен ауылдық округінде Донское ауылында, Восточное ауылында, Алмасай ауылдарында көшені жарықтандыру құрылысы жоспарланды.
Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентін абаттандыру бойынша:
Келесі жұмыс түрлері жүргізілді:
-Қасым Қайсенов кентіндегі шағын футбол алаңының құрылысы;
-Қасым Қайсенов кентіндегі балалар ойын алаңын орнату;
Воркаут спорттық-сауықтыру алаңын орнату бойынша жұмыстар аяқталды.