Өткен демалыс күндеріндегі өрттер

Өткен демалыс күндеріндегі өрттер

         Өткен демалыс күндері Ұлан ауданының аумағында өрт және құрғақ шөптің тұтануына 15-ке жуық шығу тіркелген.

         Оның ішінде ең ірі өрт Асубұлақ кентінде тіркелді, онда құрғақ шөп, қоқыс жанып, кейіннен шаруашылық құрылыстары мен үйлерге өрт тарап кетті. Өрт салдарынан 4 үй, оның ішінде 1 тұрғын үй, 4 монша, 3 гараж өртке оранды. Жалпы алаңы 400 ш.м. құрады. Өрттің себебі қоқысты жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзылуынан болды. Кінәлі тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 61 260 теңге сомасында жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

         Осылайша, екі күн ішінде тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 3 жеке тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 183 780 теңге айыппұл салынды.

 

Ұлан ауданы ТЖБ-і