Ұлан ауданының ТЖБ-нің қызметкерлері ескертеді

Ұлан ауданының ТЖБ-нің қызметкерлері ескертеді

         Жыл сайын жеке тұрғын үйлердің тұрғындары көктемгі демалыс күндері бос уақытында аумақты жинаумен айналысады. Жиналған қоқыстарды арнайы бөлінген орындарға апарып ,жиналған құрғақ шөптерді бақылап жағады. Кейбір адамдар көбінесе құрғақ шөптерді өз аумағында немесе жақын маңда, автожолдар бойында және елді мекендердің шетінде учаскеде жаңа және жақсы өсімдіктер өседі деген үмітпен жағады.

         Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336 бабына сәйкес- өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды өртеу кезінде өрт қауіпсіздігін бұзу, жеке тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

         Сонымен қатар өрт қауіпті жағдай да күрделене түсуде. Статистика бойынша, көктемгі-жазғы өрт қауіпті кезеңде болған өрттердің 30%- дан астамының себептері құрғақ шөптерді жағу, құрылыстарға жақын маңдағы қоқыстарды жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдары, балалардың отпен ойнауы болып табылады .

         Ұлан ауданы ТЖБ-нің қызметкерлері бірқатар күрделі емес өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауға кеңес берді:

       - тұрғын үй мен бағбандық учаскелерге іргелес аумақты алдын ала құрғақ шөптен және қоқыстан тазартыңыз;

       - тұрғын үй құрылыстарының аумағында, сондай-ақ орман алқаптарының жанында қоқыстарды тастауға жол бермеңіз;

       - тұрғын үйлерде, саяжай учаскелерінде және орман алқаптарында қоқыстарды жақпаңыз;

       - өрт қауіпті кезеңде от жағуға болмайды және орманда ашық отты қолданбаңыз, темекінің қалдығын тастамаңыз;

       - балалардың отпен ойнауын барынша тоқтатыңыз;

       - сөндірілмеген алау қалдырмаңыз. Оны мұқият сумен толтыру немесе құм себу керек.              

 

Ұлан ауданы ТЖБ-і