
2022 жылдың 9 наурыз күні ауданымыздың ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесудің басты тақырыбы - Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың Жолдауын талқылау болды. Бұл кездесуге ШҚ облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Шерубаев Айтқазы Сейідұлы, сондай-ақ біздің ауылдық округтердегі барлық бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары арнайы келді. Өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар өз сөздерінде, еліміздің одан әрі дамуы туралы ойларымен бөлісті. Түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылды, ұйымдарының төрағалары арнайы келді. Өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар өз сөздерінде, еліміздің одан әрі дамуы туралы ойларымен бөлісті. Түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылды, бірақ ең бастысы, біздің ардагерлеріміз Президенттің саясатына бірауыздан қолдау білдірді. Біз ардагерлердің көпшілігін жинай алғанымызға қуаныштымыз, өйткені олар біздің "алтын қорымыз" және олардың даналығы, кеңестері мен нұсқаулары бізге қажет және өте құнды. Ардагерлердің барлық ұсыныстары мен өтініштері бақылауға алынып және қысқа мерзімде орындалады деген ойдамыз.
«Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ