
· Қауіпті факторлар
- Су деңгейінің тез көтерілуі және маңындағы елді мекендерге жайылуы, қатты жауған жауын (қардың), қардың жылдам еруінен, сонымен қатар плотиналардың жарып өту салдары тұрғындар үшін үлкен қауіп тудырады.
-Су тасқынының салдары орталықтанған және орталықтандырылмаған су көздері ауыз суының ластануы, халық арасында сумен таралатын инфекциялардың туындауы болып табылады. Тұрғындардың әрекетіÞ
Су басу алдында (үйлерді су басу қаупі):
- Ауланы уақытында қардан тазалау керек, жиналған қоқыстан аумақты тазалауды ескертеміз,
- Ауладағы қоқыстарды қора- қопсы және қоғамдық әжетханаларды сыпырып тазалауға, сонымен қатар дезинфекциялық заттармен зарарсыздандыру қажет;
- Шаруашылық құрылыстарды, жертөлелерді сумен басудан сақтау керек, судың ағып кету жолдарын қазып, арықтардың қоқыспен ластануынан тазалау керек;
- Құдықтарды қақпақтармен жабдықтау, шегендерді түзетілген қалыпта ұстау керек; - Аумақ пен құрылыстардың жатын аумағын таза ұстауды міндетті түрде қамтамасыз ету керек;
Су басу басталуы туралы жарияланған кезде:
- Құдықтар мен су құбырлары жұмыс істемеген жағдайда, ауыз судың қорын дайындап алу керек;
- Қолдың жеке гигиенасын сақтап, қайнатылған, не болмаса бөтелкедегі суды пайдалану керек.
Су басқаннан кейін:
- Тасқын суларда қалған азық түлікті пайдалануға болмайды;
- Ауыз су мақсатында сапасы белгісіз, белгісіз құдықтардан сапасы күмән тудыратын суды ішуге болмайды.
- Ауыз су құдықтарын лас суды шығару арқылы тазалау керек.
Төтенше жағдайлар болған кезде қарапайым гигиеналық ережелерді сақтап және де берілген кеңестерді ұстансаңыз, Сіз өзіңізді көптеген аурулардан қорғай аласыз.
Ұлан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.