2022 жылғы 29 наурыз күні сағат 10-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІХ сессиясы өтті.
Сессияда келесі сұрақ қаралды:
«2022-2024 жылдарға арналған Ұлан ауданының ауылдық округтер мен кенттер бюджеті туралы» Ұлан аудандық мәслихатының 2021 жылдың 30 желтоқсандағы № 126 шешіміне өзгерістер енгізу туралы», аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә. Ақпанова баяндады.
Сұрақ шешімінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.
Кезектен тыс сессияға 10 депутат қатысты, ол 83 пайызды құрады.
Сессияға аудан әкімі Р. Т. Құрмамбаев, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ә. Акпанова қатысты.