«Ұлан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндетін атқарушы Көксегенов Темірлан мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне бақылау жүргізді.
Бақылау барысында Ұлан ауданының ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға 5056,0 млн теңге бөлінген, аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізуге 2852,0 млн теңге әр түрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысу үшін 21902,0 млн теңге бөлінген, ауданда ересектер арасында ұлттық спорт түрлері жақсы даму алған.
Ауданда спорттық іс-шаралар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ведомствосында орналасқан «БЖСМ» КММ-мен бірлесіп өткізіледі .