
«Ұлан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндетін атқарушы Көксегенов Темірлан аудандық «Балалар шығармашылық үйіне» қоғамдық бақылау жүргізді.
Бақылау барысында аудан бойынша қазіргі таңда 24 үйірме қосымша білім береді, соның ішінде аудан орталығында қол өнер, риторика, тігін, бейнелеу өнері ағаш шебері, электронды математика, мүсін жасау шебері, футбол, теннис, тоғыз құмалақ үйірмелеріне жыл сайын білім беру бағдарламасын 7-18 жасқа дейінгі 614 бала меңгереді. Аудан орталығында 7 педагог қызмет атқарады 10 үйірме дүйсенбіден-жұмаға дейін қосымша білім береді.
Ауданда осы жылы полиглот, жас қаламгер, туризм, ораторлық өнер, іздеушілер тобы үйірмелері ашылады, және өте жоғары сұранысқа ие.