
Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде «Көктем-2022» командалық-штабтық оқу жаттығулары өтті. Ұлан ауданының әкімі Р.Т.Құрмамбаев көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығын тексерді.
Оқу жаттығуға Ұлан ауданының азаматтық қорғаныс құрылымдарының күштері мен техникасы қатысты.
Оқу жаттығу барысында төтенше жағдайды жою бойынша авариялық құтқару жұмыстары жүргізілді. Арнайы-тактикалық оқу жаттығу барысында көктемгі су тасқыны кезеңінде ТЖ жою бойынша іс-қимылдар, Ұлан ауданының азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтерімен және құрамаларының іс-қимылдары пысықталды.
Ұлан ауданы ТЖБ-і