«Ұлан ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы туралы» жарлығы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

«Ұлан ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы туралы» жарлығы бойынша дөңгелек үстел өткізілді

«Ұлан ауданы сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы туралы» Жарлығы бойынша дөңгелек үстел өткізілді, бөлімде жоғарыда аталған нормативтік құқықыты актілер басшылыққа алынуы тиіс екндігі ескертіліп, талдау жүргізілді. Ұлан ауданы әкімінің веб-сайтында ұсынылған мемлекеттік қызметтер туралы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы ұсынылатын қызметтер, қажетті құжаттардың тізімі, ұсыну мерзімдері және т.б. туралы ақпарат орналастырылған. 1424 call орталығының номері,  «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен мекенжайлары үшін пошта жәшігі бар. Бөліммен жүргізілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының барлығы стендтерге орналастырылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мониторингі ережесіне сүйене отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді ішкі талдауды жүргізудің стандартты ережелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы жылына 2 рет жүргізіледі. «Ашық әкімдік» фронт-офисінде жеке және заңды тұлғалардын  сұрақтары болған жағдайда  бөлім мамандары қабылдау жүргізеді.