
2022 жылдың 24 ақпанында Таврия әкімдігінің бас маманы Садвокасова Ырыс-Гуль Озановна әкімдік мамандары арасында "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңды зерделеу тақырыбында семинар өткізді. Сондай-Ақ Садвокасова Ы.О. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қағидаттары заңдылыққа, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығына; жариялылық пен ашықтыққа; мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылына; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалануға; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдануға; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесетін адамдарды көтермелеуге негізделетінін түсіндірді.