«Ұлан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндетін атқарушы Көксегенов Темірлан Ұлан ауданының жанармай бекеттеріне бақылау жүргізді.
Ұлан ауданында қазіргі уақытта 3 жанармай желісі жұмыс істейді.
ЖСШ "ЛНП"
ТОО "Синоил"
ИП «Воропай А.В.» ЖСШ «ҚазМұнайГаз»
2022 жылғы 6 қаңтардан бастап Қазақстанда 180 КУН Мерзiмге мұнай өнімдерін белшек саудада өткізуге шекті бағалар (қосылған құн салығын ескере отырып) келесі деңгейде белгiлендi:
АИ-92 маркалы бензин - литріне 180 теңге;
АИ-96 маркалы бензин - литрiне 212 теңге;
дизель отыны (жазғы, маусымаралық): Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Костанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында-литрiне 220-270 теңге.
Бақылау қорытындысы бойынша шекті бағадан асып кету фактілері анықталған жоқ. Қауіпсіздік техникасы сақталды.