Полиция, көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің видеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізу

Полиция, көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің видеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізу

«Ұлан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндетін атқарушы Көксегенов Темірлан қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, олардың ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінің полиция бөліміне бақылау жүргізді.

Бақылау барысында Ұлан ауданының полиция бөлімінің қызметкерлерінің видеожетондары мен өзге де техникалық жабдықтары жеткілікті мөлшерде екендігі анықталды. Видеожетондардың учаскелік инспекторлар, криминологтар және басқа қызметкерлер күнделікті пайдаланады.

Видеофиксация бірінші кезекте полиция тарапынан да, жол қозғалысына қатысушылар тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында жүргізіледі. Мұндай құрылғыларды пайдалану құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.