2022 жылғы  21 ақпан күні сағат 10-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІ сессиясы өтті

2022 жылғы  21 ақпан күні сағат 10-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІ сессиясы өтті

2022 жылғы  21 ақпан күні сағат 10-00-де аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХVІІ сессиясы өтті.

Сессияда келесі сұрақтар қаралды:

  1. «Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 183 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
  2. «Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы», аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы А.Ж. Қайролдинов баяндады.
  3. «Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 203 «Аудандық бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы»;
  4. «Ұлан аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы»;
  5. «Ұлан аудандық мәслихатының «Ұлан ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» 2014 жылғы 28 наурыздағы № 179 шешімінің күші жойылды деп тану туралы»;
  6. «Ұлан аудандық мәслихатының «Сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 133 шешімінің күші жойылды деп тану туралы»;
  7. «Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 267 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
  8. «Ұлан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 ақпандағы № 22 «Арнайы комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы», аудандық мәслихат аппаратының басшысы Р.Кизатов таныстырды.

Сұрақ  шешімдерінің жобасын депутаттар  бірауыздан қолдады.

Кезектен тыс сессияға 11  депутат қатыстып, ол  100  пайызды  құрады.

 

Ұлан аудандық мәслихаты