Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша халыққа жүргізілген сауалнама

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша халыққа жүргізілген сауалнама

Қазіргі Қазақстан міндеттерінің бірі тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімді әдістерін қолдану болып табылады. Тұтынушылардың құқықтарын тиімді сақтау азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға алып келеді. Бұл ретте мемлекетке сенім халықтың құқықтарын тиімді қорғау, яғни тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен, жұмыстармен және көрсетілетін қызметтермен (ТКШ, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, байланыс, медициналық, білім беру, көлік, қаржы, туристік және т.б. салаларда) қамтамасыз еткенде артады.

Сондықтан, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Қазақстан халқы арасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында екі негізгі бағыт бойынша әлеуметтік онлайн-зерттеу жүргізілді: халықтың қандай да бір қызмет түрлерімен қанағаттану деңгейін анықтау; ҚР халқының тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық сауаттылық деңгейін анықтау.

Сауалнамаға білім деңгейі, әлеуметтік мәртебесі, тұрғылықты жері әртүрлі топтардың өкілдері қатысты.

Зерттеудің бірінші кезеңінде респонденттерден сауда/қызметтің 20 саласын бағалау сұралды.

Шығыс Қазақстан облысында респонденттердің басым бөлігі әуе көлігін пайдаланбағандарын - 65%, теміржол көлігіне қызмет көрсету сапасына қанағаттанғандарын - 37,7%, қалааралық және халықаралық автомобиль көлігіне, оның ішінде таксиге -81%, қалалық қоғамдық көлікке - 78,6%, электр жеткізуге - 91,1%, су жеткізуге - 90,5%, жылу жеткізуге қанағаттанғандарын – 85,7%, сондай - ақ газ жеткізу қызметтерін пайдаланбайтындықтарын - 14,8% атап өтті, туризм саласында қызмет көрсетуге – 73,4%, электрондық сауда саласына - 80,4%, ұялы байланыс саласына -88,3%, интернет - провайдерлер саласына - 83,5%, ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасына - 81,5%, банк қызметтеріне - 90,3%, білім беру қызметтеріне - 88,1%, қоғамдық тамақтану саласына -87,9%, нарықтық қызметтер саласына - 86,9%, супермаркеттер мен дүкендерге - 91,7%, тұрмыстық қызметтер саласына - 88,9%  қанағаттанғандарын атап өтті.

Облыс респонденттерінің көпшілігі 2021 жылы - 91,1%, көлікте тасымалдау қызметтерін көрсету саласында - 76%, ТКШ саласында - 82,6% тұтынушылардың құқықтарын бұзумен кездескен жоқ.

Алайда, ШҚО тұрғындары МИБ жұмысына - 31,5% қанағаттанбайды, тұрмыстық қызмет көрсету саласында киім және аяқ киім жөндеу шеберханаларында - 26,5%, жиһаз жөндеу және дайындау шеберханаларында-35,2% тұтынушы құқықтарының бұзылуына тап болады.

Бұл көрсеткіштер облыс тұрғындарының қанағаттану пайызы барлық салалардағы қанағаттанбау пайызынан жоғары екенін көрсетеді.

Сауалнаманың екінші кезеңінің мақсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін анықтау болды.

Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі - 82,6% ҚР тұтынушылардың құқықтарын сақтау және қорғаудың ағымдағы жағдайына оң баға берді, 88,4% ағымдағы жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды мемлекеттік реттеумен байланысты жағдай жақсарды деп есептейді.

Респонденттердің 66,5% - дан астамы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңымен таныс екенін немесе оның бар екендігі туралы білетінін, бірақ оны тәжірибеде қолданбағанын айтты.

Тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдайда респонденттердің жартысынан астамы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға жүгінетіндерін, қалған бөлігі заңгерлердің қызметтеріне және үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) жүгінетіндерін мәлімдеді.

Сұралғандардың жалпы санынан 67,3% - ы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша көмек алу үшін қоғамдық бірлестіктерге жүгінеді, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдарға жүгінгенде респонденттердің 66,3%-ның, құқықтары мен талаптары толық қанағаттандырылды. Медиация қызметіне жүгінген респонденттердің 63,1% - ы жүгінгенде олардың құқықтары толық қанағаттандырылғанын көрсетті.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ахуалды жақсарту бойынша респонденттердің шамамен 38,5% құқық бұзушылық үшін жазаны қатаңдату, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттік бақылауды күшейту және тұтынушылар үшін құқық бұзушылық туралы өтінім беру тәсілін жеңілдетуге назар аударды.

Респонденттердің 40,9%-ы «e-tutynushy» тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін көбірек пайдаланатынын, тауарларды сатуда (жұмыстарды, қызметтерді жүзеге асыруда) сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар туралы ақпарат беретінін - 42,6% атап өтті.

Тұтынушылар өздерінің тұтынушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне алады (Өскемен қ., Крылов к-сі, 114, телефон 8/7232/267207, эл.мекен-жайы: dzpp.vko@mti.gov.kz).

Сондай-ақ, кез-келген тұтынушы компьютер немесе мобильді қосымша арқылы www.e-tutynushy.kz сайтына кіре алатындығына және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өз өтінішін жібере алатындығына назар аударғымыз келеді.

Өз құқықтарыңызды қорғаңыз және сауатты тұтынушы болыңыз!