
Сыбайлас жемқорлық — бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық-бұл "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" ҚР Заңында, сондай-ақ өзге де заңдарда көзделген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын іс-әрекет.
Пара алу — ең қауіпті лауазымдық қылмыстардың бірі, әсіресе егер оны адамдар тобы жасаса немесе бопсалаумен бірге жүрсе, ол лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін артықшылықтар мен пайда алудан тұрады.
Пара беру-лауазымды адамды заңды немесе заңсыз әрекеттер (әрекетсіздік) жасауға көндіруге, не берушінің пайдасына, оның ішінде жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін қандай да бір артықшылықтар беруге, алуға бағытталған қылмыс.
Жергілікті билік органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері тарапынан пара ұсыну немесе қорқытып алу жағдайларында сіз олардың қызметкерлері жасаған қылмыстардың жолын кесу мәселелерімен айналысатын осы органдардың өз қауіпсіздік бөлімшелеріне тікелей жүгіне аласыз.
Ұлан ауданы ТЖБ-і