Балалардың отқа деген қызығушылғы         

Балалардың отқа деген қызығушылғы            

Кішкентай балалардың барлығы дерлік оттың қаупін толық түсінбестен, оған деген қызығушылық танытады. Үш-бес жастағы балалар өз ойындарында көбіне ересектерді қайталайды, олардың әрекеттеріне, жұмысына еліктейді. Бұл жаста балалар бәрін тезірек біліп,өздері жасап көргісі келеді. Балалардың өз бетінше жасауға ұмтылысы әсіресе олар үйде жалғыз қалған кезде айқын көрінеді.

Балалардың ойнынан туындайтын өртті болдырмас үшін не істеу керек:

- балаларға өрт қауіпсіздігі тәртібі туралы үйрету;

- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға байланысты барлық жағдайларда үлгі болу;

- сіріңкелерді балаларға қол жетімді жерде қалдырмаңыз;

- балаларға пеш, газ плиталарын жағуға, электр құрылғыларын өз бетімен қосуға нұсқау бермеңіз;

- балалардың от жағпауын қадағалаңыз;

- үйден шыққан кезде кішкентай балаларды үлкендер қараусыз қалдырмаңыз;

- балаңыздың бос уақытын қызықты ұйымдастырыңыз.

Балаңызға өрт кезінде не істеу керек екенін үйретіңіз. Егер өрт немесе жану белгісі (түтін, жоғары температура, жану иісі және т.б.) анықталса, кез-келген жастағы бала бөлмеден дереу кетуі керек. Өрт туралы ересектерге немесе өрт сөндіру қызметіне «101» телефонымен хабарлаңыз.

 

Ұлан ауданы ТЖБ-і