
«Ұлан - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндеттін атқарушы Көксегенов Темірлан халыққа қызмет көрсету орталықтары мен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 64 түрін көрсететіні анықталды. 2021 жылы Ұлан ауданының тұрғындарына 8733 қызмет көрсетілген оның ішінде электрондық түрде 8043 қызмет, «Электрондық үкімет» порталы арқылы 7269 қызмет көрсетілген.
Аудан әкімшілігінің сервистік әкімдігінде әр бөлімнің жауапты қызметкері халықты күнделікті қабылдап, қызмет көрсетуде. Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында да тұрғындарға белсенді түрде көмек көрсетілуде.