
«Ұлан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісінің міндетін атқарушы Көксегенов Темірлан Ұлан ауданының әкімінің аппараты мемлекеттік - құқық бөлімінің басшысы Назерке Маратқызымен бірлесіп мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында «Ұлан ауданы әкімінің аппараты» ММ – де және дербес бөлімдер мен ауылдық округ әкімдіктерінде, 2021 жылдың желтоқсан айында сыбайлас жемқорлық көріністері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылған фактілері болмаған, сыбайлас жемқорлық деңгейіне теріс әсер етуі мүмкін аса маңызды тәуекелдер анықталмаған. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында бүгінгі күні техникалық іркіліс жоқ екенін көрсеттілген. «Адал көмек» жобасы аясында халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 80-ге жуық тікелей эфир өткізілген.
Сыбайлас жемқорлық нысандарын болдырмау мақсатында келесі ұсыныстар жасалды: 2022 жылғы маусымда нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу, мемлекеттік мекеменің сыбайлас жемқорлық қаупінің алдын алу және оны нақты бағалау үшін ағымдағы жылдың наурыз айында әкім аппаратында барлық құжаттарды зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қайта талдау жүргізу, жарты жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланым жасау.