
Құрметті жерлестер! Менің өкіміммен "Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысының бос лауазымына Оразханов Серік Оразханұлы тағайындалды. Серік Оразханұлы 04.09.1982 жылы Ұлан ауданы Никитинка селосында дүниеге келген.
2000 жылы Алматы қаласында Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектебін бітірді. 2005 жылы Д. Серікбаев атындағы
ШҚМТУ "Өнеркәсіп салалары бойынша стандарттау және сертификаттау" мамандығын алды. 2012 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін "Заң" факультетін бітірді.
2005-2006 жылдары ҚР ҚК - де қызмет атқарды, 2008-2014 жылдары ҚР ІІМ құрылымында жұмыс істеді. 2015-2018 жылдары Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2018-2019 жылдары Қасым Қайсенов кенті әкімінің аппаратында бас маман, 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. Сәттілік тілеймін!