Кассадағы тауардың бағасы баға көрсеткішіне сәйкес келмеген жағдайда

Кассадағы тауардың бағасы баға көрсеткішіне сәйкес келмеген жағдайда

Дүкенде сатып алушы белгілі бір тауарды сатып алуды жоспарлағанда, оның бағасы жоғары болып шыққанына таң қалады. Ал бұл жағдай адам кассаға келген кезде белгілі болады.

Мұндай қулықтар жиі кездеседі және тұтынушыға әрдайым байқала бермейді. Біреулер«Баға көрсеткішіне қарағанда өзім қателескен жоқпын ба?», - депойлана бастайды. Біреу дау-дамайға уақыт жұмсағысы келмей, кассада анықталған құнмен келіседі. Біреу тауарды алудан бас тартады. Егер ірі тауар сатып алынса, онда шығын мөлшері де айтарлықтай болуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда қалай әрекет ету керек?

Кассадағы бағаның көрсетілген бағадан өзгеше екенін көріп, сіз залға барып, қажетті тауардың бағасын суретке түсіруіңіз қажет. Содан кейін дүкен әкімшісін шақырып, оған тұтынушы құқықтарының бұзылу фактісі туралы, атап айтқанда бағаның айырмашылығы туралы хабарлауыңыз керек.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабының 12-тармағына сәйкес сатушы тауардың құнын көрсетуге міндетті. Сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылған тауар бағалар жапсырмасымен ресімделеді. Дүкен баға көрсеткішінеқойған баға–бұл көпшілікке арналған ұсыныс, яғни дүкен мен сатып алушылар арасындағы формалды келісім-шарт, сондықтан сатушы тауарды сатуға міндетті, ал тұтынушы тауарды баға көрсеткішінде ұсынылған бағамен сатып алуға құқылы.

Сонымен қатар, егер сатушы қорытынды бағаны жапсырмада көрсетілгеннен жоғары қойса немесе тауарда баға көрсеткіші болмаса, онда оған ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кәсіпкерлік субъектісінің санатына қарай 200 АЕК дейін жаза қолданылуы мүмкін. Егер тауар баға көрсеткішінде көрсетілген бағамен сатылмаса, тұтынушы сатушыдан артық төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Егер сауда нүктесінің әкімшілігі қайтарудан бас тартса, сатып алушы баға көрсеткішіндегі баға мен нақты алынған сома арасындағы айырмашылықты төлеуді талап етіп, басшылыққа наразылық жазуға құқылы. Егер сауда объектісінің басшылығы жазбаша наразылыққа жауап бермесе және ақшаны күнтізбелік 10 күн ішінде қайтармаса, тұтынушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6-тармағына сәйкес наразылық берілген күннен бастап талаптар қанағаттандырылған күнге дейін мерзімі өткен әрбір күн үшін тауар құнының бір пайызынан кем емес мөлшерде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеуді талап ете отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органға немесе тұтыну дауын сотқа дейін реттеу субъектісіне өтініш бере алады.

Тұтынушылар өздерінің тұтынушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ШҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінехабарласа алады (Өскемен қаласы, Буров көшесі, 20, телефон 8/7232/267207, электрондық мекен-жайы: dzpp.vko@mti.gov.kz).

Сондай-ақ, кез-келген тұтынушыwww.e-tutynushy.kz сайтынакомпьютер немесе ұялы телефон арқылыкіре алатындығына және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өтініш жібере алатындығынаназар аударғымыз келеді.

Өз құқықтарыңызды қорғаңыз және сауатты тұтынушы болыңыз!