
2021 ж. 22 желтоқсанның сағ. 21-ден 2021 ж. 23 желтоқсанның сағ. 21-ге дейін 23 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с соғады.
Сізден адамдар өлімін болдырмау мақсатында кешенді іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, болуы мүмкін төтенше жағдай туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды хабардар ету және төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету тәртібін жеткізуді;
- авариялық-құтқару қызметінің күштер мен құралдарын дайындыққа келтіру; тіршілікпен қамтамасыз ету объектілерінің жұмысын тұрақтандыруды қамтамасыз ету;
- көліктердің қозғалысына және жолдар жағдайын бақылауды күшейту;
- байланыс құралдарының дайындығын тексеруді сұраймын.
Жағдайдың қиындағаны туралы ақпарат дереу берілсін.
Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар
бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Нүсіпбаев