«Тіл – тәуелсіздік тірегі»  облыстық байқауынан жүлделі орынға ие болды

«Тіл – тәуелсіздік тірегі»  облыстық  байқауынан жүлделі орынға ие болды

2021 жылғы 21 желтоқсан күні Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл – тәуелсіздік тірегі» облыстық  байқауы  өткізілді.

Байқау  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  тәуелсіздік құрдастары арасында өткізілді.         

Байқаудың шарты бойынша І- айналымда үміткерлер «Тәуелсіз Қазақстан құрдасымын» тақырыбында өзін-өзі таныстырды. ІІ-кезеңде «Тәуелсіздік туралы мен не білемін?» тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап берді. ІІ- кезеңде «Тәуелсіздікке тартуым» тақырыбында  - өз өнерлерін  көрсету арқылы сайысқа түсті.

Байқауға Шығыс Қазақстан облысының барлық аумақтарынан барлығы 17 үміткер қатысты.  

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша Ұлан ауданынан қатысқан Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің мұғалімі Раушан Қадылқанқызы Канапиянова жүлделі ІІ-орынға ие болды.

Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру
әне спорт бөлімінің
басшысы М. Әлібеков