Қазақстан Республикасы ТЖМ Мəлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы

Қазақстан Республикасы ТЖМ Мəлік Ғабдуллин атындағы  Азаматтық қорғау академиясы

АКАДЕМИЯҒА ОҚУҒА ТҮСУ ШАРТТАРЫ

Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді.

Оқу мерзімі - 4 жыл. Білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі. Академияға түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр саясаты бөлімшелеріне өтініш (ерікті түрінде) береді.

 

Білім беру бағдарламалары

6В12302 - Өрт қауіпсіздігі

6В12191 - Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикасы

 

Ұлан ауданы ТЖБ-і