Объектілердегі өрт қауіпсіздік ережелері

Объектілердегі өрт қауіпсіздік ережелері

Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттерінің бірі төтенше жағдайлардың алдын алу, оның ішінде бақылау субъектілерін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы хабардар ету арқылы ескерту болып табылады.

Кәсіпкерлік субъектілерін тексерулер санының кемуіне (шағын кәсіпкерлікке (микрокәсіпкерлік) тексерулер жүргізуге мораторийдің қолданылуына), сондай-ақ ведомстволық тиесілігіне қарамастан тәуекелдің болмашы дәрежесіне жатқызылған объектілерге қатысты тексерулер жүргізбеуіне байланысты Ұлан ауданы ТЖБ-і субъектілерді ақпараттық хабарлауға баса назар аударумен қатар, жұмыс қайта құрылды.

Осы жұмысты жүргізе отырып, біз бұзушылықтарды анықтау және айыппұл салу мақсатын көздемейміз.

Осы жұмыстың негізгі мақсаты ұсынымдарды тапсыру арқылы алдын алуды жүргізу, объектілердің меншік иелеріне өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін жеткізу болып табылады, оларды сақтау өрттің туындау қауіпін барынша азайтады.

 

Ұлан ауданы ТЖБ-і