
Жаңа жылдық мереке кезінде өрт сияқты бақытсыздыққа ұшырамауы үшін Ұлан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады.
Өрт статистикасы көрсеткендей жаңа жыл мерекесі кезінде өрттердің саны күрт өседі. Өрттердің санымен, қаза тапқандардың саны да өседі.
Осындай жағдайлар көбінесі тұрғын үй секторында орын алады.
Жаңа жыл мерекесі – өрт деген қайғылы жағдайға әкелмеу үшін Ұлан ауданы ТЖБ-і мерекені өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін еске салады.
Жаңа жылдық шыршаны орнату кезіндегі қауіпсіздік шараларын:
- шырша жылыту құралдарынан алыс тұрақты тұғырға орнатылады;
- шыршаны жарықтандыру үшін тек зауытта шығарылған жарамды электр гирляндаларын пайдалану қажет;
- шыршаны шаммен, мақтамен, қағаздан және целлюлозадан жасалған ойыншықтармен безендіруге болмайды;
- шыршада және оның жанында шырақтар, бенгал оттарын жағуға және шартылдақтарды пайдалануға болмайды;
- тұрғын үй жайларында пиротехникалық бұйымдарды қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады!
Ұйым басшылары жаппай мерекелерді өткізу кезінде келесілерді ескеруі қажет:
- кемінде екі эвакуациялау жолымен қамтамасыз етілген, терезелерінде торлары жоқ және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайларды ғана пайдалануға жол беріледі;
- шыршаларды орнықты негізде және бұтақтар қабырғалар мен төбеге тимейтіндей, үй-жайдан шығуды қиындатпайтындай етіп орнату керек;
- иллюминацияны электр қондырғылары құрылғысының техникалық нормаларын сақтай отырып орындау керек. Иллюминацияда ақау табылған жағдайда (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқындау) оны дереу токтан ажырату керек;
- іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және зал үй-жайларында өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдардың кезекшілігін ұйымдастыру қажет. Іс-шаралар өткізілетін үй-жайлар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ұлан ауданы ТЖБ-і