«Тіл мен Тәуелсіздік –егіз ұғым» тақырыбында аудандық семинар өтті

«Тіл мен Тәуелсіздік –егіз ұғым» тақырыбында  аудандық семинар өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «30 жұлдызды күн» іс-шаралар жоспарына сәйкес 2021 жылдың 2 желтоқсаны күні сағат 11.00-де  Ұлан ауданы, Герасимовка ауылдық клубында «Тіл мен Тәуелсіздік –егіз ұғым» тақырыбында аудандық семинар болып өтті.

Шараны Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Семинарға ауылдық округ әкімдері мен мамандары, этнос өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Модератор Альбеков Мейіржан Қанатбекұлы семинардың бағдарламасымен таныстырып өтіп, «Тіл мен Тәуелсіздік – егіз ұғым» тақырыбында баяндама жасады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бакимбаев Айтмұхамед Ескенович елді мекендердің тарихи атаулары бойынша айта келе Казачье ауылының «Аршалы» деген тарихи атауын қайтару туралы ұсыныс жасады. 

Қоғамдық келісім орталығының маманы Мусина Аяжан Калымовна «Ұлан ауданындағы қоғамдық келісім орталығының жұмысы және аудандағы этносаралық қарым - қатынас мәселелері туралы» баяндады. 

Шараның соңында семинарға қатысушылар Украинка ауылының «Червона калына» вокалдық тобының өнерін тамашалады.