
Ауаның орташа айлық температурасы -9,9-18,8°С, бұл облыстың басым бөлігінде норма шамасында, облыстың солтүстігінде – нормадан 1° төмен (норма: -9-18°С).
Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -7-12°С-тан -15-20°С-қа дейін, облыстың солтүстік-шығысында -25°С, күндіз 0,-5°С, оңтүстігінде +5°С-тан -10-15°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде. Содан кейін-ауа температурасының түнде -10-15°С-қа дейін, күндіз -2-7°С-қа, оңтүстікте +3°С-қа дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -15-20°С, солтүстік-шығыста -25°С-қа, күндіз -7-12°С, оңтүстік-батыста -2°С-қа дейін төмендейді.
Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -20-25°С, облыстың солтүстік-шығысында -30°С, күндіз -10-15°С, оңтүстігінде -5°С-қа дейін одан әрі төмендейді деп күтілуде Содан кейін - ауа температурасының түнде -10-15°С-қа, оңтүстікте -5°С-қа дейін, күндіз 0,-5°С-қа дейін, оңтүстікте +3°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды.
Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -25-30°С, облыстың солтүстік-шығысында -35°С, күндіз -12-17°С, солтүстік-шығысында -22°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде Онкүндіктің ортасында - ауа температурасының түнде -15-20°С, оңтүстікте -10°С, күндіз -7-12°С, оңтүстікте -2°С-қа дейін жоғарылайды. Содан кейін ауа температурасы түнде -27-32°С, солтүстік-шығыста -37°С, күндіз -15-20°С, солтүстік-шығыста -25°С-қа дейін төмендейді. Онкүндіктің соңында ауа температурасының түнде -20-25°С, солтүстік-шығыста -30°С, күндіз -10-15°С-қа дейін жоғарылауы болжануда.
Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан көп, облыстың қиыр батысында нормаға жуық (норма: 8-53 мм).
Қар, бұрқасын, 15-20 м/с жел бірінші онкүндіктің басында және соңында, көбінесе айдың екінші жартысында болжанады. Көктайғақ-айдың басында.