Дала дидары

Дала дидары

2021 жылдың 17 қарашасында Шығыс Қазақстан өнер музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Дала дидары» өнер фестивалі аясында Ұлан ауданы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Ауыл, кент округтерінен 45 автордың 73-ке жуық туындылары  жинақталды. Көрмеге суретшілердің қолдарынан шыққан туындылары графика, сюжеттік картиналары, натюрморт, портреттері, қол өнер шеберлерінің  мата жіп, жүн, киізден  тоқылған кілемшелері, ағаш, музыка аспаптары теріден жасалған шеберлердің бұйымдары мен мүсіндері қойылды. 

Шараға ШҚО мәдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы мен ҚР Көркемөнер академиясының мүшесі, Тұран сыилығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші- кескіндеуші Түркістан облысы бейнелеу өнері мұражайының директоры Оспанов Айнабек Мыңжасарұлы, байқаудың арнайы қазылары, БАҚ қызметкерлері аудан басшылары, қоғамдық белсенділері қатысты.

 Облыстық теледидар қызметкерлері түсірілім жасап, шараның өту барысын толық қамтыды.

Көрменің ашылу салтанаты Ұлан ауданының мәслихат  хатшысы Г. Калиеваның құттықтау сөзімен басталды. Ұлан ауданының гимніне айналған   М. Тастағановтың сөзіне жазылған О. Көшеровтың «Ұланым» әніне түсірілген бейнеклип көрсетіліп, Шараның сәнін «Бескөл» халық  фольклорлық ансамблінің орындауындағы шығармалар келтіріп, көрермен қауымның үлкен ілтипатына бөленді.

Бозанбай ауылының тұрғындары бүркітшілер Горький, Маркс Нәжитбайлар өздері баптап отырған бүркіттерімен шара қатысып келушілерді өнерлерімен тәнті етті.

Шараның екінші бөлімінде көрермен қауым мұражайдың үлкен залында орналасқан  көрмені тамашалады.  Таврия орта мектебінің директоры Мухамедсапа Фазылжанович  қойылған әр туындыға аса шеберлікпен тоқтала отырып таныстырып өтті.

Көрмеде сондай-ақ келушілер үшін шеберлік сағаттары өткізілді. Онда Домбыра жасау шебері Амангелді Смағұлов домбыра жасау шеберлігін көрсетсе,  Ломоносов орта мектебінің еңбек пәні мұғалімі Гауһар Қалиева шәкірттері Арынқұл Әсем, құрғақ жүннен түскиізді жаңаша технологиямен тоқыса, Бауыржанқызы Іңкәр кергішке кілемше тоқу әдісін ұсынды. Осы мектептің еңбек пәні мұғалімі  Жанагүл Рахимбаева өзі дәріс беріп отырған шәкірті Әділхан Әлиханмен бірлесе қылқаламмен туған ауылын бейнелеп келген көрермен қауымның назарына ұсынды.

Осындай ауқымды шараны ұйымдастыруға ат салысқан ауданының тұрғындары мен барлық қатысушыларға Ұлан ауданы Әкімшілігінің атынан алғысымызды  білдіреміз!