
Ұлан ауданынында мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарға неғұрлым көп баратын мекемелерде пандустар орнатылған.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшiн кедергiсiз ортаны қамтамасыз ету үшiн ауданда 2012 жылдан бастап 2020 жылға дейiн әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарын паспорттау және бейімделу жұмыстары жүргiзiлдi. Жоспарға сәйкес барлық кезеңде 109 әлеуметтік инфрақұрылым объектiсi паспортталды (жоспар 100%).
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшiн жартылай қолжетімді (санитарлыкқ нормалар мен қағидалардың талаптарына сай келмейтiн пандустар бар) объектілер саны-109. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, көліктік объектілерге және рекреациялық инфрақұрылымдарға қолжетімділікті қамтамасыз ету «Қол жетімділіктің интерактивті тақтасы» ақпарат алу үшін, халықтың iс-қимылы шектеулi топтары үшін аумақтардың обьектілері атауының тіркеуi жүргiзiлген, геодеректері, физикалық мекен-жайы, техникалық мiнездеме және объектiлердiң бейімделу дәрежесі көрсетілген портал құрылды. Бүгінгі күні 109 объект жарияланды.
Порталды толтыру бойынша жұмыс өңiрдегi бейiмделген обьектiлер санының өсуіне карай үздiксiз жалғасуда. Ауылдық, кенттік округтердiң әкiмдерi сауда, сауда базарлары, қоғамдық тамақтану басшыларымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға аталған қоғамдық ғимараттарға кедергісіз кіруге жағдай жасау - пандустармен жабдықтау бойынша ұсыныс жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта 36 сауда нысаны қолжетімді. «Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес кәсіпкерлік қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мемлекеттiк стандарттарға сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ортақ пайдаланылатын көлік құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға кедергiсiз қолжеткізу үшін жағдай жасауға міндетті. Сонымен қатар, Заңның 1 тармағына сәйкес жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолжетiмдiлiгi үшiн тиiстi жағдайлар жасау елді мекендердi жобалау, салу кезiнде қамтамасыз етiледi.
Қазіргі уақытта Ұлан ауданы бойынша жаңа кұрылыстың барлық обьектiлерi мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тұрғын үй - жайларға қолжеткізуін қамтамасыз ету үшiн пандустармен жабдықталған.