
Өрт сөндіруші және өрт сөндіру автокөлігі балалар үшін әрқашан қызықты және танымды. Өрт сөндірушілерге деген құрмет, олардың іс-әрекетіне деген қызығушылық, баланың мінез-құлқына деген байсалдылықты дамытуы мүмкін. Бірақ өрт қауіпсіздік ережелері туралы өрт сөндіруші айтқан кезде балалар бұл ережелері мүлдем басқаша меңгереді, сондықтан мектептерде өрт сөндіру бөліміне экскурсия жоспарланады.
Осылайша, өрттердің алдын алу және ескерту мақсатында Ұлан ауданының өрт сөндіру бөліміне экскурсия жүргізілді. Өрт сөндірушілерге қонаққа "Б.Ахметов атындағы орта мектеп" КММ оқушылары келді. Өрт сөндіру бөлімінде балаларға жауынгерлік киім заттары, өрт сөндіру-құтқару жабдығы көрсетілді. Балаларға өрт сөндіру бөлімінде бар өрт сөндіру автокөліктері, олармен не байланысты, олар қалай жұмыс істейді, немен жабдықталғаны туралы айтылды. Сұрақ-жауап түрінде викторина өткізді, балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, өз сұрақтар қойды. Балалар үшін экскурсия өте танымды өтті.
Ұлан ауданы ТЖБ-і