
Округте барлық мемлекеттік ұжымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ішкі талдау жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылған. Құрамда 5 адам қамтылған. Талдау қорытындылары жарты жыл сайын хатталып есеп беріліп отырылады. Жыл көлемінде әкімшілік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында құқықтық оқу сабақтары өткізіледі.
Округтегі мектептер жанынан Қамқоршылық кеңесі құрылған. Құрамында 11 адам бар. Онда ауыл тұрғындары, кәсіпкерлер және округтің әкімшілік қызметкерлері қамтылған. Әр тоқсан сайын есеп беріліп отырады.
Мектептерде оқушылардың құқықтық білімін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында балалардың жас ерекшелігін ескере отырып әр түрлі сайыстар, «Парақорлықпен қалай күресу керек», «Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады» атты ақпан-сәуір айларында сынып сағаттары, кітап көрмелері, ақпараттық-құқықтық үгіт парақтарының таратылуы, «Жемқорлық – қоғам дерті» атты суреттер сайыстары ұйымдастырылды.
2020-2021 оқу жылында оқушылар арасында «Туралықты ту еткен Төле би», «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Ясауи» атты жалпыреспубликалық бірыңғай адалдық сағаттары өткізілді. Барлық өткізілген іс шаралар инстаграмм, фейсбук парақшасына ақпарат ретінде қойылып отырады. 2021 жылы 20 мамырда Лут орта мектебі мұғалімдері және әкімшілік қызыметкерлерімен бірге «Жемқорлық бізбен -емес » атты дөңгелек үстел өткізілді және 21 мамырда қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен «Колосок » балабақшасының ұжымымен «Коррупцияға жол жоқ» атты дөңгелек стол болып өтті.
Багратион ауылдық округі әкімшілігінде жеке және заңды тұлға өкілдерінің қойған әрбір сұрақтарына тез арада шешу жолдарын қарастырып, шешімін таппаған сұрақтар бойынша жоғарғы тұрған орган қызметкерлеріне жолдайды. Сонымен қатар округ әкімшілігінің әлеуметтік желідегі парақшаларына келіп түскен әрбір сұрақтармен пікірлер күнделікті округ әкімінің бақылауында.
Багратион ауылдық округінде осы күнге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ешқандай құқық бұзушылық орын алған жоқ.