
Шөпті жинау кезінде жол берілмейді:
- қора мен басқа да шаруашылық құрылыстардың төбесінде;
- электр беру желілерінің астында;
- учаскенің сыртқы қоршауынан 3 метрден кем қашықтықта;
- көшелерде, жолдарда, үй жанындағы учаскелерден тыс жерлерде шөп жинауға жол берілмейді.
Тұрғын үйлердің үй-жайлық учаскелерінде ірі жем-шөп жинау ғимараттарға және аула құрылыстарына дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады. Көрсетілген қашықтықта ірі азықтарды жинау мүмкін болмаған жағдайда, жинау орнын кемінде 500 литр су құйылған қосымша сыйымдылықпен қамтамасыз ету шартымен қашықтық 5 метрге дейін қысқартылады.
Ірі азықтарды жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспауы тиіс.
Шөп қорада электр жабдықтары болған жағдайда электр сымдары оқшауламасының бүтіндігін қамтамасыз ету қажет.
Өрт шыққан жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірі бойынша өртке қарсы қызметті шақыру қажет.
Ұлан ауданы ТЖБ-і