
2021 жылдың 15 қазанында аудандық орталық кітапханасында «Парасат жолы» жобасы аясында «Адалдық пен әділдік» атты тақырыптық сағат өткізілді. Жасөспірімдер арасында өткен шараның негізгі мақсаты — өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
Бұл іс-шараға Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінің 2-В сынып оқушылары, сынып жетекшісі Е.К.Мукашева қатысты. Осы іс-шара барысында балалар Дәнеш Ахметұлының «Адалдық» атты әңгімесін тыңдап, «Адалдық өтемі» атты мультфильмін
https://yandex.ru/collections/card/5b2983ee1aaf11141d92c00d/6166ac9aea99dd969cc8de90/ тамашалады.
Шарада қатысушыларға арнайы әзірленген слайд көрсету арқылы адалдық – парасаттылықтың ең биік шыңы, әрі адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер, топтық жұмыс қолданылды. Шара соңында кітапханашы адалдық пен әділдік туралы әр-түрлі жағдаяттарға байланысты сұрақтар қойып, жауаптар алып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.