Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

Орналасқан жері: ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40;
пошталық мекенжайы: 070019, ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40;электрондық поштасы: u.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz;
байланыс телефоны: 8 (7232) 71-32-61;

Конкурстың нысанасы: "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Байқау түрі: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Өскемен қ. Ауезова 26/1 көшесі, 1 қабат кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және Qoldau.kz субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта арқылы, электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 ж. "2" қарашадан бастап 2021ж. "12" қарашаға дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2021 ж. "2" қараша сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2021 ж. "12" қараша сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі