Өрттер мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін

Өрттер мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін

- Жылыту маусымы басталар алдында пештерді, сондай-ақ жылыту пештерінің түтіндіктерін және басқа да жылыту аспаптарын тексеру және жөндеу;

- Жылыту маусымы басталар алдында, сондай-ақ бүкіл жылыту маусымы бойы кемінде тоқсанына бір рет пештер мен түтіндіктерді күйеден тазартуға;

- Шатырларда түтін арналары өтетін барлық түтін құбырлары мен қабырғаларды әктеу;

- Пештің оттық тесігінің алдында еденді өлшемі 50х70 см кем емес металл табақпен қорғау;

- Түтін каналдары сылағының бүтіндігінің бұзылуы анықталған жағдайда оларды жою үшін дереу шаралар қолдану;

- Қатты отынмен жұмыс істейтін пештердің түтін құбырларында ұшқын сөндіргіштер орнатылады.

Тыйым салынады:

- Жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға ;

- Отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы жерге орналастыруға;

- Пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын қолдану

- Пешті қатты қыздыру.

Ұлан ауданы ТЖБ-і ескертеді өрт немесе жану туындаған кезде "101", "112" телефондары арқылы бір уақытта өртті сөндіруге, адамдар мен материалдық құндылықтарды эвакуациялауға кірісіп, дереу хабарлау қажет.

Есіңізде болсын, сіздің үйіңіздің әл-ауқаты мен қауіпсіздігі тек өзіңізге байланысты.

Ұлан ауданы ТЖБ-і