
2021 жылғы 28 қыркүйек күні сағат 11-00-де аудандық мәслихаттың кезекті X сессиясы өтті.
Сессияда келесі сұрақтар қаралды:
1) «Депутат Ж. Ш. Канапиянованың депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы»;
2) «Депутат А.К. Рамазановтың депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы»;
3) «Ұлан аудандық мәслихатыныңрегламентін бекіту туралы»;
4) «Ұлан аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»;
5) «Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 100 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша аудандық комиссия құрамын бекіту туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы»;
6) «Ұлан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 267 «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
7) «Ұлан аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы», мәслихат хатшысы Г. Н. Калиева таныстырды.
Сұрақтар шешімдерінің жобасын депутаттар бірауыздан қолдады.
Кезекты сессияға 10 депутат қатыстып, ол 100 пайызды құрады.
Сессияға аудан әкімі Р. Т. Курмамбаев, аудан әкімінің орынбасарлары К. Б. Окасов, Р. Болатхан, аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Мамарбаев, дербес бөлімінің басшылары қатысты. Сессия отырысы aitub эфирінде жүргізілді, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері онлайн режимінде қатысты.
Ұлан аудандық мәслихаты