Электротехникалық құралдарды қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары
Оқшаулағышы бұзылған электр сымдарын пайдалануға және жанғыш негізде монтаж жүргізуге тыйым салынады.
Сымдарды тораптарға байлауға, оларды бұрау арқылы қосуға, түсқағаздармен желімдеуге және жанатын әрлеу элементтерімен жабуға тыйым салынады.
Сымдарды газ және су құбырларына, жылыту жүйесінің батареяларына бекітуге тыйым салынады.
Ұзартқыш кабельді кілем астына және есік ойықтары арқылы төсеуге тыйым салынады.
Қолдан жасалған сақтандырғыштарды ("жучок", тығындар) қолдануға тыйым салынады.
- Қыздыру аспаптары оларды қосқанға дейін жанбайтын материалдардан жасалған тұғырықтарға орнатылуы тиіс.
Жанғыш интерьер заттарының (перделер, кілемдер, пластмасса плафондар, жиһаздың ағаш бөлшектері) электр құралдарының қыздырылған беттеріне тимеуін қадағалау қажет.
Электр шамдары мен шырақтарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен жабуға тыйым салынады.
Үйде жасалған электр жылыту құралын пайдалануға тыйым салынады.
- Қосылған жылытқышта заттар мен басқа да жанғыш материалдарды кептіруге рұқсат етілмейді.
Түнде электр қыздырғыш аспабын қосуға тыйым салынады.
Зақымдалған электр розеткалары мен шанышқыларды пайдалануға тыйым салынады.