
Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа да бөлшектері тікелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ барысында күйеден тазартылады:
1) үш айда бір рет-жылыту пештері үшін;
2) екі айда бір рет – үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін.
Түтін арналары өтетін шатырларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктеледі.
Ас үй плиталары және үздіксіз (ұзақ мерзімді) от жағатын басқа да пештер айына кемінде бір рет тазартылады.
Пешпен жылытуды пайдалану кезінде рұқсат етілмейді:
1) жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оны балаларға қадағалауды тапсыруға;
2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы жерге орналастыруға жол берілмейді;
3) қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға жол берілмейді;
4) отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға жол берілмейді;
5) үй-жайларда жиналыстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде пештерді жағуға; ;
6) пешті қатты қыздыруға;
7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге жол берілмейді;
8) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (жапқыштарды) пайдалануға жол берілмейді;
9) желдету және газ арналарын мұржалар ретінде пайдалануға жол берілмейді;
10) ақаулары, жарықтары мен саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға міндетті.
Құрамында қызған және бықсыған материалдар бар күл мен қож оттықтан шығарылғаннан кейін өрттің туындау мүмкіндігін болдырмайтын, олар үшін арнайы бөлінген орынға шығарылады және сумен төгіледі.
Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердің жану саңылауларына дейін 1,25 м-ден кем және пештердің қалған қыздырылған бөліктеріне дейін 0,7 м-ден кем қашықтықта орналастыруға жол берілмейді.
Отын (көмір) осы үшін арнайы бейімделген үй-жайларда немесе жанатын құрылыстардан кемінде 8 м қашықтықта орналасқан арнайы бөлінген алаңдарда сақталады.
Ұлан ауданының ТЖБ-і