Аудандық маңызы бар кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде интернет-байланыс сапасына мониторинг жүргізілді

Аудандық маңызы бар кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде интернет-байланыс сапасына мониторинг жүргізілді

2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» ҚР Заңының 29-бабының 1-тармағына сәйкес ұялы байланыстың және интернетке қолжетімділіктің болмауы бойынша байланыс операторлары байланыс желілерін дамытуды дербес жоспарлайды және жүзеге асырады. Іс-шараларды қаржыландыру меншікті және қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

2020 жылы «Кар-Тел» (Билайн) және «Теле 2» ЖШС компанияларымен 2020 жылы Ұлан ауданының елді мекендерінде халық саны 250 адамнан асатын Интернетке (3G/4G) қол жеткізуді және мобильді байланысты қамтамасыз ету бойынша жоба іске асырылды. Елді мекендер: Ново-Азовое ,Баяш Өтепов, Отрадное, Жоғарғы Тайынты, Митрофановка, Каменка, Огневка, І.Айтыков, Пролетарка, Асубулак.

Сондай-ақ, 2020 жылы «Қазақтелеком»АҚ Асубұлақ, Бозанбай, Тарғын және Ұлан ауылдарында «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кеңжолақты жеткізумен қамтамасыз ету» жобасын іске асырды.

2020 жылы қыркүйек айында Ұлан ауданы І.Айтықов, Бестерек және Огневка ауылдарында интернет желісіне қосылу үшін байланыс желілері орнатылды.

Бүгінгі күні халық саны 250 адамнан асатын 4 елді мекенде: Аблакет ауылдық округінің Желдіөзек ауылында халық саны-304 адам, Төлеген Тохтаров ауылдық округінің Украинка ауылында халық саны – 679 адам, Өскемен ауылдық округінің Восточное ауылында халық саны-338 адам, Макеевка ауылында халық саны – 338 адам байланыс және интернет желісі жоқ.

Халық саны 250 адамнан кем 13 ауылда: Тарғын ауылдық округі Манат ауылы халық саны – 146 адам, Жантас ауылы халық саны – 176 адам, Каменка ауылдық округі Тройницкое ауылы халық саны – 211, Егінсу ауылдық округі Бурсақ ауылы халық саны – 93 адам, Таврия ауылдық округі Ақтөбе ауылы халық саны – 79 адам, Азов ауылдық округі Азова ауылы халық саны – 152 адам, Бетқұдық ауылы халық саны-134 адам, Өскемен ауылдық округі Мирное ауылы тұрғындар саны – 47 адам, Бозанбай ауылдық округі Тоғанас ауылы халық саны – 61 адам, Қызылсу ауылы халық саны – 10 адам, Ақжартас ауылы халық саны – 43 адам, Асубұлақ кенті Белогор ауылы халық саны – 175 адам, Огневка кенті Смолянка ауылы халық саны-58 адам байланыс және интернет желісі жоқ.

Ауданда 45 елді мекеннен ұялы байланыспен және интернет желісімен қол жеткізумен 28 елді мекен немесе 62,2% қамтылған.