Дала өрттерінің алдын алайық!

Дала өрттерінің алдын алайық!

Ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейін Ұлан ауданы аумағында 32 дала жанулары тіркеліп, 350 га аумақты өрт шарпыды. Жанулардың шығуына негізгі себеп болып –тұрғындардың абайсызда от шығарып алуынан (жолдың бойларына, мал бағу кездерінде т.б. жағдайларда  темекі тұқылдарын өшірмеу тастау, табиғатқа демалудан кейін жағылған от ошақтарын өшірмей қалдырулардан және трактордың ұшқын шалғышының дұрыс болмауынан) орын алады.

2021 жылдың 4-6-шы қыркүйек аралығанда  Ұлан ауданы, Егінсу ауылдық округі аумағында 4 құрғақ шөптің жануы оқиғалары орын алды, 80 га артық құрғақ шөп жанды, жану өрт ошағына жақын орналасқан шабындық орындарға қауіп төндірді. Азаматтық қорғау қызметі мен жергілікті әкімшілік қызметкерлерінің, тұрғындардың уақытылы және бірлесе жұмыс жасауы өрттің үлкен ауданға таралып кетпеуіне ықпал етті.

Дала жанулары Айыртау және Егінсу ауылдық округтері аумақтарында көп орын алуда.

Ұлан ауданының тұрғындары мен қонақтарын дала өрттерінің алдын-алуға шақырамыз және дала жануларын байқап қалсаңыз дер кезінде «101» нөмеріне өрттің қай аймақта орын алып жатқаны туралы ақпараты  хабарлап айтуларыңызды сұраймыз.

 

Ұлан ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры Турарова М.К.