
Чемпионатқа облыстың әр аудандарынан ардагерлер қатысып өз бақтарын сынады. Ұлан ауданынан қатысқан спортшылар жүлделі орындарға ие болды.
Гір көтеру бойынша Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны Тоқтарбек Алдабергенов I орынға, Ахмет Бухатов III орынға ие болды. Армрестлингтен жарысқа қатысып Жалында Жұмақанұлы Сабитов II орынды иеленсе, Әлімұқан Закарьяұлы Танекенов III орынды алды. Қабылқан Курумбаев жеңіл атлетикадан 1000 метрлік және 200 метрлік қашықтыққа жүгіріп екі II-ші орынды, 60 метрлік қашықтыққа жүгіріп бір III орынды жеңіп алды. Ал Игорь Гаджиев ядро итеруден II орын және суға жүзуден III орынға ие болды. Осылай біздің жерлестеріміз 1 алтын, 4 күміс, 4 қола медальдарды қанжығаларына байлап қайтты. Жеңістеріңіз құтты болсын құрметті жерлестер!